Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Ақтөбе облысындағы жолдар мен ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады

11.05.2021 460

Сенат депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев Ақтөбе облысының Темір ауданында болды. Сенаторлар "Қандыағаш-Мақат" автомобиль жолының бөліктерін жаңғырту барысын тексерді. Жол құрылысшыларының айтуынша, биыл бұл жерде көлік қозғалысы басталады.

"Республикалық және жергілікті автомобиль жолдарын жаңғырту мен салу сапасы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Бұл учаскені жөндеу Ақтөбе облысының көлік әлеуетін едәуір кеңейтуге және автокөліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті Бауыржан Қаниев.

Депутаттар өңір шаруаларымен кездесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың келешегін және АӨК дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған ұлттық жобасының тұжырымдамасын талқылады. Сенаторлар мал шаруашылығын дамыту мәселелеріне және ветеринарлық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударды.

"Мемлекет агроөнеркәсіп кешеніне, әсіресе мал шаруашылығы саласына айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар, тиімді және сапалы ветеринарлық қызмет көрсетілмесе мал шаруашылығы өнімдерін арттыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыған байланысты осы саладағы бірінші кезектегі міндет ветеринарлық қызмет мекемелерінің қызметін қаржыландыру, оларды кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу болуы тиіс", - деді Мұхтар Жұмағазиев.

Жақында сенатор Мұхтар Жұмағазиев еліміз Үкіметі басшылығының атына депутаттық сауал жолдаған болатын. Кездесу соңында депутаттар жерлестері айтылған барлық мәселелерді мұқият зерделеп, өздерінің заң шығару қызметі барысында пайдаланатынын айтты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу