Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Журналистерге арналған «Аманат» конкурсы басталғаны жарияланды

20.05.2021 1019

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері арасында «Аманат» конкурсының басталғанын жариялайды.

VII шақырылған Парламенттің І сессиясы ашылған күннен бастап 20 мамырға дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары Конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді Конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды.

Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Анықтама телефондары: 74-72-39, 74-72-40.

Құрметпен, Баспасөз қызметі

Бөлісу