Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенат вице-спикері Иорданияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

23.06.2021 395

Сенат Төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсуф Абдельғанимен кездесті.

Кездесу барысында сұхбаттасушылар парламентаралық қарым-қатынас және түрлі саладағы екіжақты өзара іс-әрекет мәселелерін талқылады.

«Иордания Қазақстан үшін Таяу Шығыстағы маңызды серіктестердің бірі. Сондықтан барлық салада және барлық деңгейде екіжақты диалогты дамытуға мүдделіміз. Қазіргі таңда елдеріміз арасындағы ынтымақтастық тұрақты сипатта және серпінді дамып келеді», – деді Нұрлан Әбдіров.

Сонымен қатар Сенат вице-спикері екі елдің Парламенттері арасындағы парламентаралық ынтымақтастық та дәйекті түрде дамып келе жатқанын айтты. Ол Қазақстан мен Иорданияның заң шығару органдары арасындағы байланысты әрі қарай нығайту үшін парламентаралық достық тобының жұмысын жандандырудың маңызы зор екенін де тілге тиек етті.

Өз кезегінде Иордания елшісі екі елдің Парламенттеріндегі Жоғарғы Палаталардың өзара іс-әрекетін жандандыруға иордан тарапы дайын екенін жеткізді.

Сондай-ақ, кездесуде екі ел арасындағы тауар айналымын арттыру мәселесі де сөз болды. Ол үшін логистикалық компаниялардың жұмысын жолға қоюдың және Қазақстан мен Иордания іскерлер тобының тікелей байланысын қамтамасыз етудің маңызды екені айтылды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу