Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Рысқали Әбдікеров қабылданған заңдардың негізгі ережелерін түсіндірді

07.07.2021 415

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында сапарда болды. Ол облыс орталығында көпсалалы ауруханада болып, медицина қызметкерлерімен кездесті және жұмыс кезінде дәрігерлердің алдында тұрған мәселелерді талқылады.

Сенатор қала әкімімен және қалалық мәслихат қызметкерлерімен де кездесті. Ол осы кездесулер барысында Сенат қабылдаған және Президент қол қойған бірқатар заңдардың негізгі ережелері туралы айтып берді. Онда атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қалалық, ауылдық және аудандық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң туралы айтылды, бұл құжаттағы өзгерістер мәслихаттардың қызметіне де қатысты болды.

Рысқали Әбдікеров сонымен қатар Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі туралы да айтып берді. Ол осы Кодексті қабылдау әкімшілік рәсімдер саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге, оның ішінде мемлекеттік органдардың мекеме ішіндегі қызметін ұйымдастыруға және жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу бойынша әкімшілік әділет органдарына бағытталғанын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу