Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысының авиация бөлімдерінің әскери қызметшілерімен кездесті

09.07.2021 378

Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысындағы сапарын ұшқыштар құрамын даярлау жөніндегі авиациялық оқу орталығына барудан бастады. Ол онда әскери бөлімдердің қызметімен танысты.

Депутат өткен сессия барысында Сенат қабылдаған заң жобалары туралы айтып берді. Ол бірқатар заңдар әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.

Сергей Ершов сонымен қатар артиллериялық бригада қызметкерлерімен, сондай-ақ Приозерск қаласындағы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлерімен әңгімелесті.

«Бұл бөлімше барлық заманауи талаптарға толық сәйкес келеді. Қызмет жылдам жүзетін құтқару катерлерімен, сүңгуір және суда құтқару жабдықтары мен құралдардың жаңа үлгілерімен жабдықталған», - деп атап өтті Сергей Ершов.

Сенаторлар мәслихат депутаттарымен және аймақ басшылығымен кездесу барысында ынтымақтастықты күшейту және бірлескен жұмысты үдетудің маңызы туралы сөз болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу