Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Нұртөре Жүсіп пен Сұлтанбек Мәкежанов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларымен кездесті

15.07.2021 1121

Депутаттардың өңірлерге сапары аясында сенаторлар Нұртөре Жүсіп пен Сұлтанбек Мәкежанов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде болды.

Депутаттар сапар барысында жоғары оқу орнының ғылыми-оқытушылық құрамымен және басшылығымен кездесіп, университеттің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Нұртөре Жүсіп кездесу барысында ел азаматтарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, білім мен ғылым саласын дамытуға бағытталған Сенатта өткен сессияда қабылданған заңдар туралы педагогтарға айтып берді.

Заң білімі сапасының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары жеке талқыланды. Сұлтанбек Мәкежанов осыған байланысты жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында заң білімінің сапасын арттыру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті.

Сенаторлар сондай-ақ қазіргі пандемия жағдайында өзекті жағдайды уақтылы талдау, оқу орындарының ерекшеліктерін ескеретін неғұрлым оңтайлы шараларды қабылдау және білім беру жүйесіне қатысушылардың бәрін: оқушыларды, олардың ата-аналарын, педагогтарды және барлық деңгейдегі әкімшілікті қолдау – білім беру саласының басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Депутаттардың пікірінше, қазір қабылданған шаралар мен оларды білім беру жүйесінде қолданылуын одан әрі талдау үшін мұқият құжаттау маңызды болып отыр. Одан басқа, халықаралық тәжірибені зерделей отырып оның неғұрлым тиімдісін пайдалану қажеттігі айтылды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу