Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ақылбек Күрішбаев азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру шараларымен танысты

29.07.2021 606

Сенатор Ақылбек Күрішбаев елордадағы өндіріс пен сауда саласының ірі нысандарын аралау кезінде бизнес өкілдерімен кездесті.

Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана - Жаңа қала» арнайы экономикалық аймағында болып, тұрғын үй құрылысына модульдік технологияларды енгізуге маманданған өндірістік құрылыс компаниясының жұмысымен танысты.

Кәсіпкерлер кездесу барысында арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне және Жер кодексіне тиісті өзгерістер енгізу қажеттігіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Ақылбек Күрішбаев бұл мәселе назарда болатыны және өзінің заң шығару қызметі барысында көтеретінін атап өтті.

Сенатор сондай-ақ «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру жөніндегі жұмысымен танысты және елордадағы сауда нысандарын аралады.

Ақылбек Күрішбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының азық-түлік тауарларының бағасын сауда орталықтары арқылы реттеу жөніндегі жұмысының тиімділігі төмен екенін атап өтті. Ол сондай-ақ мемлекет реттейтін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізімін ұлғайтуды ұсынды. Сенатордың айтуынша, мемлекет 2011 жылы осындай азық-түліктің 30 түрінің бағасын реттеген болатын, ал қазір олардың тек 19-ы ғана қалып отыр.

Сенатор сонымен қатар мүлік иелері бірлестіктерінің төрағаларымен және көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ол бұрынғы ПИК-терді алмастырған жаңа ұйымдардың жұмысымен танысып, олардың жұмысындағы проблемалық мәселелерді тыңдады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу