Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті Асқар Шәкіров ұйым Бюросының отырысына қатысты

11.09.2021 415

Ү.ж. 10 қыркүйекте ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюросының отырысы онлайн өтті.

Парламентшілер ЕҚЫҰ ПА-ның ағымдағы қызметін, оның ішінде ағымдағы жұмыс жоспарын, сайлауды бақылау миссияларын ұйымдастыруды, сондай-ақ коронавирус пандемиясы жағдайында одан әрі өзара іс-қимылды талқылады.

Онда Ауғанстандағы жағдай, климаттың өзгеруі, гендерлік теңдік және Орнықты даму мақсаттарын имплементациялау басты тақырыпқа айналған халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды.

Отырыста Ассамблея Бюросының жаңадан сайланған мүшелерінің қызмет аясы айқындалды. ЕҚЫҰ ПА Төрағасының шешіміне сәйкес сенатор Асқар Шәкіров БҰҰ Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Ассамблеяның арнаулы өкілі болып тағайындалды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27, Суретті түсірген С.Майлыбаев)

Бөлісу