Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Ольга Булавкина азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі семинарға қатысты

28.12.2021 326

Сенатор Ольга Булавкина БҰҰ-ның Азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығына байланысты орнықты даму саласындағы мақсаттарын Қазақстанға енгізуге арналған семинарға қатысты.

Сенатор өз сөзінде пандемия ауыл шаруашылығын дамытудың маңыздылығын айқын көрсеткенін атап өтті, өйткені ол азық-түлік тәуелсіздігі, кедейшілік деңгейін төмендету және халыққа арналған азық-түлік тауарларының экономикалық қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Ольга Булавкина Сенат еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту жөніндегі бастамаларын заңнамалық қамтамасыз етуде белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы АӨК саласындағы проблемалық мәселелерді, атап айтқанда, жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі мен ауыл тұрғындарының жеке малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету, жем-шөп дақылдарын өсіру алаңдарын кеңейту және егіс алқаптарын ауыстырып пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуді атап өткен болатын. Парламент Сенатының депутаттары жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында «Кейбір заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс жүргізіп келеді», - деді Ольга Булавкина.

Ол сөзінің соңында талқыға қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға байланысты проблемаларды шешуге және қолданбалы тәсілге қажетті практикалық ұсыныстар әзірлей алады деген үміт білдірді.

Семинарға мемлекеттік органдардың, БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының, Жасыл экономика коалициясының және т.б. өкілдері қатысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу