Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Парламент депутаттары бір күндік жалақысын «Қазақстан халқына» қорына аударды

17.01.2022 418

Сенат пен Мәжіліс депутаттары еліміз Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру туралы бастамасын қолдай отырып, өздерінің бір күндік жалақысын осы қорға аударды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ағымдағы жылдың 11 қаңтарында Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құруды тапсырған болатын.

Қор денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады.

Еліміз Президенті атап өткендей, қорда жинақталған қаржы сирек кездесетін аурулары бар балаларға көмек көрсетуге, қалаларда, аудандарда, кенттерде, ауылдарда балаларға арналған спорт нысандарын салуға, қабілетті балаларға қолдау көрсетуге және басқа да әлеуметтік мақсаттарға бағытталатын болады.

(Сенат пен Мәжілістің баспасөз қызметі)

Бөлісу