Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды

26.01.2022 478

Владимир Волковтың төрағалық етуімен Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Онда сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобаларын қарады.

Заң жобаларының негізгі міндеті партиялық тізімді бекіту кезінде квота берілетін адамдардың санатын кеңейту, оған мүгедек адамдарды қосудағы құқықтық тетіктерді жетілдіру болып табылады. Атап айтқанда, саяси партия Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін бекіту кезінде үш санаттың: әйелдердің, жиырма тоғыз жасқа толмаған адамдардың және мүгедек адамдардың өкілдері кандидаттардың жалпы санының кемінде 30%-ын қамтитын норманы бекіту ұсынылады. Осындай талап Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу кезінде де қарастырылады.

Сондай – ақ, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық Заңның кейбір ережелері нақтылануда.

Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу