Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жаңалықтар

Сенатта Жоғарғы сот судьясын босату мәселесі талқыланды

16.02.2022 397

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар еліміз Президентінің Жоғарғы Сот судьясы қызметінен босатуды ұсынған кандидатураны талқылады.

Сенат комитеті Жоғарғы Соттың судьясы Арқарова Жаңылсын Баянқызын орнынан түсуіне байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымын қарай келіп, Парламент Сенатына оны қызметінен босатуды ұсынған қорытынды шығарды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу