Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар қоршаған ортаның ластануын болдырмау туралы заң жобасын талқылады

16.02.2022 396

Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын талқылады.

Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінде өзара сауда кезінде ЕАЭО-ның кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізуге байланысты қатынастарды реттеуге, сондай-ақ ЕАЭО-да қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауға рұқсат беру тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сенаторлардың айтуынша, заң жобасын қабылдау ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды тасымалдаудың бірыңғай тәртібін белгілеуге, ЕАЭО кедендік аумағы бойынша осындай тасымалдар кезінде берілген қорытындылар мен заң бұзылғаны анықталғаны туралы ақпарат алмасу жөнінде өзара іс-қимылды және қоршаған ортаның ластануын болдырмау үшін экологиялық тұрғыда негізделген қалдықтарды жою мен қайта өңдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

Бөлісу