Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей парламентшілері Астраханда кездесті

13.04.2022 1282

Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының Бірінші орынбасары Андрей Яцкин мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровтің төрағалық етуімен екі ел парламенттерінің жоғарғы палаталары арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кезекті отырысы Астрахан қаласында өтті.

Отырыс барысында Қазақстан мен Ресей уағдаластықтары аясындағы, атап айтқанда шекара маңы ынтымақтастығы, денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы өзара парламентаралық іс-қимылдың жай-күйі мен келешегі қаралды.

Қазақстан тарапынан отырысқа сенаторлар Бейбіт Исабаев, Ақылбек Күрішбаев, Нұржан Нұрсипатов, Ерік Сұлтанов, Сергей Карплюк қатысты.

Іс-шара аясында оған қатысушылар қазақ халқының көрнекті ұлы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы өңірлік мәдени орталыққа және атақты күйшінің кесенесіне барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу