Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Қайрат Қожамжаров Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілерімен кездесті

14.05.2022 572

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Қайрат Қожамжаров еліміздің Ұлттық ұланы Бас қолбасшылығының басшылығымен кездесуде республикалық референдумда дауысқа салынатын конституциялық реформаның негізгі ережелерін талқылады.

Ол жалпыхалықтық сауалнама соңғы жиырма жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет өткізіліп жатқанын және оған Қазақстан Конституциясының үштен біріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті.

Негізгі заң еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінің оңтайлы теңгерімін бекітуді ұсынады. Мемлекет басшысының өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партияларға мүше болуына тыйым салу, сондай-ақ оның жақын туыстарының мемлекеттік аппаратта және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басшылық лауазымдарды атқаруына шектеулер енгізіледі.

Сенатор адам және азамат құқықтарын қорғау тетігін күшейту мәселелеріне жеке тоқталды.

«Елде өлім жазасын толық жою, Конституциялық сот құру, Негізгі Заңда Қазақстан Республикасындағы құқықтар жөніндегі уәкілдің ерекше мәртебесін бекіту, халықты жер мен табиғи ресурстардың меншік иесі деп тану-осы шаралар мен ұсыныстардың барлығы қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға бағытталған», - деп атап өтті депутат.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу