Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Ләззат Қалтаева Араб зағиптар одағының президентімен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсарту мәселелерін талқылады.

18.05.2022 223

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева Араб зағиптар одағының Gрезиденті доктор Халид Әли Әл Найемимен кездесті.

Өз кезегінде сенатор Катардан келген мәртебелі мейманның сапары екіжақты гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретінін, бірлескен күш-жігер мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Осы санаттағы азаматтарды жан-жақты қолдау үшін Қазақстанның тиісті ведомствосы 2025 жылға дейін мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Ұлт жоспарын қабылдады», - деді депутат.

Доктор Халид Али Әл Найеми өз кезегінде кәсіподақтың мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру бойынша тәжірибе алмасуға дайын екенін растады.

«Менің Қазақстанға келгендегі мақсатым Қазақстан мен Катардағы мүгедектігі бар жандар арасында көпір салу болды. Сапарым нәтижелі болды деп ойлаймын. Өйткені мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған арнайы орталықтарды араладым, халықты әлеуметтік қорғау вице-министрімен кездестім. Енді, міне, сенатормен өте нәтижелі сұхбаттастық. Менің ойымша, бұл біздің ынтымақтастығымыздың бастамасы ғана және болашақта біз қарым-қатынастың жаңа деңгейіне көтерілеміз», - деді доктор Халид Әли Әл Найеми.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Н.Байбулин)

 

Бөлісу