Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар арнайы экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарға жеңілдіктерді қайта қарауды ұсынады

19.05.2022 344

Жаңа арнайы экономикалық аймақтар құруға мораторий енгізу, бейінді емес бағыттарды қысқарту, сондай-ақ қайта бөлу деңгейі бойынша өңдеуші өнеркәсіп шеңберінде қызметтің басым түрлерінің жеке тізбесін қалыптастыру. Сенаторлардың мұндай ұсыныстары бүгін «Арнайы экономикалық аумақтар қызметінің тиімділігін бағалау» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында талқыланды.

Комитет төрағасы Серікбай Трұмов дөңгелек үстел оытырысын аша келіп, қазіргі замандағы өнімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті өндірістерді жедел дамыту, қызмет сапасының жаңа деңгейін қалыптастыру, инвестициялар тарту, салалар мен өңірлерге жаңа технологиялар енгізу, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту үшін арнайы экономикалық аймақтар құрылғанын атап өтті.

Қаржы министрінің орынбасары Марат Сұлтанғазиев АЭА қызметінің тиімділігін талқылау барысында баяндама жасады. Ол Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті арнайы экономикалық аймақтардың қызметіне аудит жүргізгенін, онда инфрақұрылымның аяқталмағаны, өнеркәсіпке инвестициялар тарту деңгейінің төмендігі және өндіріс көлемінің аздығы жөнінде бірқатар жүйелі кемшіліктер мен заң тармақтарының бұзылғаны анықталғанын айтты.

Сонымен қатар, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Марат Қарабаев, энергетика министрі бірінші орынбасары Мұрат Жүребеков, сондай-ақ «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА бас директоры Олжас Сартаев баяндама жасады.

Сенаторлар дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша Үкіметке жіберілетін ұсыныстар әзірледі. Серікбай Трұмов инвестициялар көлеміне, АЭА аумағындағы қызмет түрлерінің басымдығына байланысты жеңілдіктер беру кезінде сараланған тәсіл мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ барлық объектілер пайдалануға берілгеннен кейін АЭА қатысушыларына жер алаңын сатып алу мүмкіндігін берудің, аралас тәсілді енгізудің маңызды екені және басқа да мәселелер айтылды.

Құрметпен, Баспасөз қызметі

8(7172)74-72-27

Суретті түсірген Н. Байбуллин
Бөлісу