Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттерімен кездесті

24.05.2022 326

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев пен Әлімжан Құртаев Шымкент қаласында болып, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті.

Отырыста Әлімжан Құртаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы хабардар етті. Әли Бектаев өз кезегінде мұның барлығы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқанын, алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңінің басталғанын айғақтайтынын баса айтты.

Жиын барысында ұстаздар мен студенттер Сенат депутаттарынан түрлі саладағы сауалдарына жауап алды. Оның ішінде жұмысқа орналасу, шәкіртақы алу, әскерге шақыру, мамандық таңдаудағы қиындықтар, т.б. сұрақтар.

Отырыс соңында Сенат депутаттары Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының материалдық-техникалық базасымен, оқу-имитациялық орталығымен, заманауи медициналық тренажерлар мен жабдықтармен танысты.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу