Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Дәурен Әділбеков: Отандық машина жасау ісіне барынша қолдау көрсету керек

09.06.2022 343

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті Орал қаласында жүйе құраушы кәсіпорындар қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

Сенаторлар «Зенит» Орал зауыты» АҚ-да жүзеге асып жатқан «Айбар» жобасын қаржыландыруға, сондай-ақ «Оралагрореммаш» АҚ кәсіпорнының өндірістік қуатын арттыруға, оның ішінде автобустарды өнеркәсіп желісі бойынша құрастыру туралы келісім жасасу арқылы жұмыс көлемін ұлғайту проблемасына назар аударды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті, индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы министрліктері өкілдерінің осы мәселелер бойынша ақпараты тыңдалды.

Кездесуге қатысушылар Сенат депутаттарын көтерілген барлық мәселелерді шешуге дайын екендіктеріне сендірді.

«Отандық машина жасауға барынша қолдау көрсету керек. Ішкі нарыққа кедергісіз шығу және олардың жұмыс істеуінежәне жалпымашина жасау саласында бәсекелестікті дамыту үшін жағдай жасаукерек. Біздің кәсіпорындар өнім көлемін арттыруға және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға дайын. Сондықтан туындаған барлық мәселелерді шешу үшін жедел шаралар қабылдау қажет», - деді Дәурен Әділбеков.

Сенаторлар жұмыс кездесуінің барлық мәселелерін бақылауға алды және олардың шешілу барысы қадағаланатын болады.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу