Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Дәурен Әділбеков Ақмола облысының тұрғындарына Сенат жұмысындағы қорытындылар туралы айтты

08.08.2022 236

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков жұмыс сапары аясында Ақмола облысының Есіл ауданында болып, Двуречное ауылындағы сервистік әкімдік ғимаратын жөндеу барысымен танысты.

Сенатор бұл жоба мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін тиісті деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бүгінде сервистік әкімдіктердің ашылуының арқасында халыққа қолайлы жағдай жасалуда. Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу жөніндегі сұрақтарына осында жұмыс істейтін мамандар жауап береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, біздің ортақ міндетіміз - азаматтардың сындарлы мәселелерінің бәріне жедел және тиімді жауап беретін «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру», - деп атап өтті сенатор.

Дәурен Әділбеков сондай-ақ Курское ауылының ішкі жолдарын жаңғырту барысымен танысты. Сенатор жолдарды жөндеу сапасын бақылаудың маңызды екенін атап өтті.

Депутат сонымен қатар Жақсы ауданында болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады және атқарылған жұмыстар мен жоспарлармен танысты, сондай-ақ аудандық ауруханада болды.

Аурухана қызметкерлерімен кездесу барысында депутат оларды ҚР Парламенті Сенатының өткен сессиядағы жұмысының қорытындылары туралы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленген халықтың табысын арттыру бағдарламасы жөнінде хабардар етті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

 

Бөлісу