Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Жанболат Жөргенбаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесті

08.08.2022 360

Сенатор Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімімен, қалалық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізді.

Жанболат Жөргенбаев кездесу барысында Қонаев қаласы тұрғындарының қалалық инфрақұрылым, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасындағы олқылықтар мен егіс алаңдары туралы өтініштерін тыңдады.

Фермерлер жайылым мәселесін көтеріп, комиссия құруды ұсынды. Олардың айтуынша, ауыл жастары далада жұмыс істей алар еді, бұл жұмыссыздықты азайтып, оларды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

Депутат ауыл жастары және жалпы ауыл шаруашылығы мәселелері туралы айта келіп, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жақын арада көптеген мәселелер шешілетінін айтты.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар ардагерлер қоғамдастығының қызметіне де ерекше көңіл бөлінді. Жанболат Жөргенбаев ардагерлер өздерін қоғамның толыққанды мүшесі әрі қажет адам ретінде сезінуі тиіс екенін атап өтті. Сенатордың айтуынша, осыған байланысты жеңілдіктер мәселесін жедел түрде қайта қарау, олардың әлеуметтік белсенді топ ретіндегі әлеуетін қолдау аса маңызды.

Депутат кездесуді қорытындылай келіп алға қойылған міндеттерді шешу үшін қатысушыларды күш біріктіруге шақырды және ынтымақтастықтың келешегіне сенім білдірді.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу