Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Сафинов заң саласын жетілдіру мәселелерін сарапшылармен талқылады

12.08.2022 218

Парламент Сенатының депутаты Қанатбек Сафинов сот корпусының өкілдерімен, адвокаттармен, сондай-ақ заң кеңесшілерімен кездесті. Кездесуде сот өкілдерінің мәртебесі мен қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.

«Азаматтардың өтінішіне сәйкес, соттағы адвокаттардың мәртебесін күшейту үшін бірлесіп тиісті ұсыныстар әзірлеуіміз керек. Ол ұсыныстар алдағы сессияда заң жобаларын қарау барысында ескеріледі», – деді Қанатбек Сафинов.

Сонымен қатар сенатор «Қазгидромет» РМК қызметкерлерімен кездесіп, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, ол жаңа экологиялық зертхана мен гидрометеорологиялық орталықтың қызметіне назар аударды.

Кездесу барысында депутат референдум нәтижесінде қазақстандықтар қолдаған конституциялық өзгерістерге де жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың маңызы да кеңінен сөз болды.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу