Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенатор Нұрлан Бекназаров Адам құқықтары жөніндегі Венеция комиссиясының отырысына қатысты

01.10.2022 361

Кездесуге қатысушылар «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң жобасына қорытынды дайындау аясында заң жобасын жетілдіруге қатысты сұрақтар мен ұсыныстарын ортаға салды.

Сенатор Бекназаров кездесуде сөз алып, бұл заң жобасының мақсаты – Қазақстан Конституциясына Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің адам және азамат құқықтарын іске асырудың кепілі ретіндегі конституциялық мәртебесін бекіту бөлігіне өзгерістер енгізу екенін атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі Венециялық Комиссия қорытындысының жобасы ағымдағы жылдың 21-22 қазанында комиссияның 132-ші пленарлық отырысында қабылдауға ұсынылатын болады.

 

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу