Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Халықаралық валюта қорының өкілдермен кездесті

16.11.2022 257

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары бюджет-салық саласының ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша Халықаралық валюта қорының өкілдерімен кездесті.

Комитет хатшысы Сұлтанбек Мәкежанов Сенаттың бюджеттік процесті жетілдіру жөніндегі Үкіметпен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмыстарымен кездесуге қатысушыларды таныстырды. Депутат бюджетті сапалы жоспарлау және Ұлттық қордың жинақтау қызметін күшейтуге негіз болып табылатын бұрын қабылданған бірқатар түзетулер туралы айтып берді.

«Бюджет процесінің келесі кезеңібюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп және оның орындалуын бақылауболып отыр. Ол бюджеттің есеп-қисап бөлігініңбірі болып табылады және есепті қаржы жылындағыреспубликалық бюджеттің түсімдері мен шығыстарын қаржыландыру жөніндегі барлық операцияларды көрсетеді. Бұл есеп сыртқы мемлекеттік аудиттеегжей-тегжейлі қаралады, оның қорытындысы бойынша қорытынды жасалады», - деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар салық-бюджет саласының күшті және әлсіз жақтары мен бюджет-салық саласындағы ашықтықты арттыру үшін фискалдық институттарды нығайту жөніндегі басым міндеттерді белгілеуді талқылады.

Халықаралық валюта қорының өкілі өз кезегінде бюджет-салық саласындағы ашықтықты бағалаудың негізгі көрсеткіштері туралы депутаттарға айтып берді. Олардың ішінде мемлекеттік басқару ұйымдарының өткен, ағымдағы және болашақ қызметі туралы толық және сенімді ақпарат беру жайы да бар.

Тараптар кездесу қорытындысы бойынша бюджеттік процестерді жетілдірудің маңызы мен осы саладағы ынтымақтастықтың дайындығын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27. Суретті түсірген: Б.Серікбай)

 

Бөлісу