Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Жаңалықтар

Сенаторлар Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесті

04.01.2024 597

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Мұрат Қадырбек және Алишер Сатвалдиев Мақтаарал ауданында болды.

Сенаторлар мыңға тарта адам жұмыс істейтін «Мырзакент» мақта-мата фабрикасының Шардара, Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы мақта қабылдау пункттерінің жұмысымен танысты. Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу барысында еңбекті қорғау және жұмысшылардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелері талқыланды.

Депутаттар облыстық және аудандық мәслихат депутаттарымен, Мақтаарал ауданының тұрғындарымен, ардагерлермен, кәсіпкерлермен, зиялы қауым және қоғамдық бірлестіктер өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ инфрақұрылым және білім беру салаларының мәселелері көтерілді. Депутаттар айтылған мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өте келіп, олардың кезең-кезеңімен жүзеге асуына ықпал ететінін атап өтті.

«Елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың басты мақсаты – азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Сенаторлардың аймақтар бойынша сапарлары әлеуметтік саланың проблемаларымен танысуға, оларды шешу үшін қандай заңнамалық көмек көрсету керектігін анықтауға бағытталған. Мемлекет басшысының кешегі күні берген сұхбатында еліміздің одан әрі дамуының негізгі бағыттары атап көрсетілгені белгілі. Президент алға қойған мақсаттарға жету үшін бәрімізге бірлесіп жұмыс істеу маңызды деп санаймын», - деп атап өтті сенатор Әли Бектаев.

Депутаттар сонымен қатар облыстың Жетісай ауданында болып, халықпен, фермерлермен, аудандық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, жастармен және кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Сенат депутаттары кездесу соңында көтерілген өзекті мәселелер  Парламенті Сенатының алдағы жұмысы барысында егжей-тегжейлі талқыланатынын атап өтті.

(Сенаттың Баспасөз қызметі, 74-72-27)

Бөлісу