1987 жылы туған. Білімі жоғары.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Мұнайгаз ісі бакалавры, экономика бакалавры, құқық бакалавры.
Еңбек жолын денешынықтыру-сауықтыру кешенінің нұсқаушысы болып бастап, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ішкі аудит және бақылау департаментінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты және Парламенті Мәжілісі депутаттарының көмекшісі, Сенат Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас сарапшы, бас консультанты, Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас консультанты, Кадр жұмысы және ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бас консультанты, Жалпы бөлім меңгерушісінің орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған (2025), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, ҰҚШҰ ПА Құрмет грамотасымен марапатталған.