1974 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ политехникалық институтының Қаратау филиалын, Қазақ-Ресей университетін бітірген. Экономист, заңгер.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының іс жүргізуші, дайындық бөлімінің оқытушысы, Жамбыл университетінің Қаратау инженерлік-техникалық кешенінде аға тестілеу операторы, программист-инженері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Баспасөз қызметінің, Комитеттермен жұмыс жасау бөлімінің, Сенат Аппараты Басшысының қабылдау бөлімінің бас маманы, Экономика, қаржы және бюджет комитеті Хатшылығының консультанты, Экономикалық сараптама бөлімінің бас сарапшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2024 ж.), Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ТМД ПАА Кеңесінің Құрмет грамотасымен, мерейтойлық медальдермен марапатталған.