1980 жылы туған. Білімі жоғары.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін,
«Тұран-Астана» университетін, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер, халықаралық экономист,
мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, PhD философия докторы.
«Тұран-Астана» университетінің оқытушысы, «Ақмола Құрылыс Материалдары» ЖШС заңгері, ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Сенат Аппараты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, Құқықтық сараптама бөлімінің, Заңнама бөлімінің бас консультанты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.
Мерейтойлық медальмен марапатталған.