Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы

Мауберлинова Нұргүл Өсербайқызы
Сенат Төрағасы Хатшылығының меңгерушісі

1973 жылы туған. Білімі жоғары.

Е.Н. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша (2000 ж.), Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану бакалавры» мамандығы бойынша (2006 ж.) бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысының Саран қаласында қалалық білім беру ұйымдарында бастаған. 2001 жылдан бастап мемлекеттік қызметте.

2001-2006 жж. – Саран қаласының Мәдениет, жастар саясаты, спорт және туризм, Әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторингтеу бөлімдерінің бас маманы.

2006-2008 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінде бас маман, бөлім бастығы, бас сарапшысы.

2008-2012 жж. - ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі Ақпараттық-талдау орталығының бас консультанты.

2012-2016 жж. - ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ Директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.

2016-2022 жж. - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің Төрайамы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.

2023-2024 жж. – ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі.

«Құрмет» орденімен (2016), «Парасат» орденімен (2025), мерейтойлық медальдермен марапатталған.