Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Садуақасов Әсет Бағдатұлы

Садуақасов Әсет Бағдатұлы
Жалпы бөлімнің меңгерушісі

1985 жылы туған. Білімі жоғары.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «халықаралық құқық бакалавры» мамандығы бойынша (2007 ж.), Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша (2013 ж.), Радбода атындағы Неймеген Университетін (Нидерланды, Болашақ) «құқық магистрі» мамандығы бойынша (2014 ж.), ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясын (2022 ж.) мемлекеттік басқару (PhD доктор) біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінде сарапшы болып бастаған.

2014-2015 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Заңнама департаментінің бас сарапшысы.

2015-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің сарапшысы, консультанты.

2022-2023 жж. - ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Заңнама бөлімінің бас консультанты.

2023-2025 жж. - ҚР Парламенті Сенаты Аппараты Заңнама бөлімі меңгерушісінің орынбасары.