Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Жақсымбетов Жарқынбек Пәрмешұлы

Жақсымбетов Жарқынбек Пәрмешұлы
Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі

1964 жылы туған. Білімі жоғары. С.М. Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы, экономист. Дипломатиялық дәрежесі - І сыныпты кеңесші.

Жамбыл облысы Свердлов ауданы Киров атындағы мектептің мұғалімі, Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент, ҚР Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік-бақылау және кадр жұмысы департаментінің екінші, бірінші хатшысы, Дипломатиялық академиясы Оқу кешенінің жетекші үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Протокол қызметінің консультанты, бас сарапшысы, Сенат Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара байланыс жасау бөлімдері меңгерушісінің орынбасары, Сенат Төрағасының кеңесшісі болып қызмет істеген.

Алты медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.