
1969 жылы туған. Білімі жоғары.
Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген.Инженер-экономист.
Еңбек жолын жеке сектордан бастап, Ақмола облыстық клиникалық ауруханасының экономисі, ҚР Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитеті экономика және каржы Департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бөлім бастығы, Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру әдістерін жетілдіру бөлімінің бастығы, Денсаулық сақтау министрлігі Бухгалтерлік есеп және қаржыландыру басқармасының бастығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат басқармасы бастығының орынбасары, Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы, Корпоративтік даму департаменті директорының орынбасары, Парламенті Сенаты Аппараты Ақпараттық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі болып қызмет істеген.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, мерейтолық медальдармен, ТМД ПАА «За укрепление парламентского сотрудничества» медалімен марапатталған.