Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Содоклад по проекту Закона Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам государственной молодежной политики и социального обеспечения», заседание Комитета провели 15.11.2022г. в 11:30 часов

15.11.2022 0

Қазақстан Республикасы

Парламенті Сенатының депутаты,

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі

С.Ж. Шайдаровтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қосымша баяндама

(15.11.2022ж., сағат 11:30-да, каб. 214)

 

 

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

 

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі толық баяндап берді.

Қарастырылып отырған Заң жобасының келесі ережелеріне назар аударғым келеді.

Бірінші. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес «Әділ Қазақстан: барлығына және әр кімге. Қазір және мәңгілікке» жастар үшін білім, баспана, жұмыс сияқты барлық мәселелер бойынша ауқымды реформалар пакеті ұсынылады.

Статистика бойынша жастардың 43% - дан астамы (1,6 млн. адам) ауылдық жерлерде тұратынын ескере отырып, бастамаларды іске асыру

жастар саясаты саласында бірінші кезекте ауылда жүзеге асырылатын болады. Яғни, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдарымен.

Сонымен қатар, заң жобасында облыс пен ауданның жергілікті атқарушы органдарының ғана құзыреті қарастырылған.

Бұл тәсіл, менің ойымша, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, әсіресе ауыл жастарын қолдау бойынша жұмыстың тиімділігінің төмендігіне әкелуі мүмкін.

Екінші. Заң жобасының 20-2-бабының нормалары декларативті сипатта болады.

Жастар қандай қолдау шараларына сене алатынын алдын ала білуі үшін уақытша орналастырылмаған жастардың санын азайту мақсатында қандай нақты шаралар қолданылатынын нақтылау қажет деп санаймын. 

Осыған байланысты, уақытша орналастырылмаған жастардың санын азайтуға бағытталған шаралар мен іс-шараларды бекіту және  айқындау бөлігінде уәкілетті органның құзыретін бекіту жөніндегі норма ұсынылады.

Үшінші. Жастардың жасын 29 жастан 35 жасқа дейін және соның салдарынан олардың санын 3,7-ден 5,7 млн. адамға дейін арттыру жағдайында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылатын жастар ресурстық орталықтарына үлкен рөл берілуге тиіс.

Сонымен қатар, аталған орталықтарды қаржыландыру бойынша сұрақтар туындайды.

Мысалы, 2021 жылғы 1 қаңтарда жастар саны шамамен 240 мың адамды құраған Шымкент қаласындағы орталықтың қызметін қаржыландыруға 2020 жылы 234,6 млн. теңге бөлінді, оның 56% немесе 131,7 млн. теңгесі іс-шараларды өткізуге және жобаларды іске асыруға бағытталды.

Сол сияқты, жастар саны 17 мың адамға аз болған (01.01.2021 жылға барлығы - 223,4 мың адам) Астана қаласындағы іс-шараларды өткізуге және жобаларды іске асыруға бөлінген қаржы қаражаты 2 есе немесе
269,4 млн. теңгеге
көп (немесе орталық қызметін жалпы қаржыландырудың 75% - 359,6 млн.теңге).

Бұл мысал, біздің ойымызша, бюджет қаражатын бөлуде біркелкіліктің және нақты жүйеліліктің жоқтығының дәлелі.

Сонымен қатар, бүгінде орталықтарды қаржыландыру көлемін есептеудің қандай да бір әдістемесі жоқ, бірінші кезекте, белгілі бір аймақтағы жастар санына қарай.

Осыған байланысты, жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясатының сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында уәкілетті органға жастар ресурстық орталықтарының қызметін қаржыландырудың Бірыңғай стандартын (әдістемесін) әзірлеу және бекіту бойынша құзыреттерді бекіту қажет деп санаймын.

Заң жобасы бойынша салыстырмалы кестені қарауға көшейік.

Назарларыңызға рақмет!

 

Поделиться