Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Сената Парламента РК Шайдаров С.Ж. выступил с докладом на заседании Комитета по Закону РК «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия незаконному обороту наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, прекурсоров и сильнодействующих веществ»

10.12.2024 103

 

Құрметті Төраға!

Құрметті әріптестер!

 

Бүгінгі қаралып отырған Заң Қазақстан Республикасы Парламентінің бір топ депутаттарының бастамасымен есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткіге қарсы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес – маңызды міндет деп атап өткен болатын.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек елімізде заңсыз есірткі өндірісінің cаны көбеюде, оған қоса есірткінің жаңа түрі синтетикалық – күшті әсер ететін заттардан жасалған есірткі түрі таралып жатыр.

Осыған байланысты, есірткі, психотроптық заттардың, сол тектестердің, прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының «Қылмыстық», «Қылмыстық-процестік» және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстерiне, сондай-ақ «Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» және «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында синтетикалық есірткіні әзірлейтін прекурсорлардың және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы үшін, сондай-ақ олармен жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Осыған орай, психикалық белсенді заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емделген адамдар арнайы медициналық көмек көрсететін ұйымнан шыққаннан кейін тұрғылықты жері бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепке тұруға жататындығы туралы норма енгізілді.

Аталған заңды қолдауларыңызды сұраймын және бас комитетке өзгертулерсіз жолдауды ұсынамын.

 

Назарларыңызға рақмет!

Поделиться