Депутат Сената Парламента РК Шайдаров С.Ж. выступил на заседании Сената Парламента РК с докладом по Закону «О ратификации Соглашения о свободной торговле услугами, учреждении, деятельности и осуществлении инвестиций».
Рақмет, құрметті Мәулен Сағатханұлы!
Құрметті депутаттар!
"Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы" Заңның мақсаты қазақстандық көрсетілетін қызметтерді экспорттаушылар үшін әріптестер нарығына қолжетімділікті, қазақстандық капиталдың қатысуымен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту, инвестициялар тарту және өзара инвестицияларды қорғау үшін қосымша жағдайлар жасау болып табылады.
Келісімнің негізгі міндеттері ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, бұдан әрі-ТМД, еркін сауда аймағының орнықты дамуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикасының одан әрі өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау белгіленген.
Келісімнің Тараптарына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясы кіреді.
Қазақстан Республикасының Ресеймен, Қырғызстанмен, Армениямен және Беларусьпен қызметтерін сату шарттары Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде реттеледі.
Тәжікстанмен қызметтер саудасы олардың Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі міндеттемелерінде көзделген шарттармен жүзеге асырылады.
Өзбекстан Дүниежүзілік сауда ұйымының және Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайды, сондықтан бұл Келісім қазақстандық бизнестің Өзбекстан қызметтері нарығына преференциялық қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі болып табылады.
Келісім нормаларымен:
- әріптестік нарықтарда ТМД-ға қатысушы елдерден көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін неғұрлым тиімді жағдайлар белгілеу, ұсыну және қамтамасыз ету, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің өзара саудасын кеңейту және оны ырықтандыру деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасауды;
- экспроприациядан қорғауды және капиталды еркін аудару кепілдігін қоса алғанда, инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктер жасауды;
- екінші Тарап инвесторларының инвестицияларына оның аумағында толық қауіпсіздік пен қорғауды ұсынуды көздейтін қолайлы жағдайлар жасау қарастырылған.
Келісім шеңберінде инвестор мен Келісім тарапы арасындағы инвестициялық дауларды шешу тетігі көзделген.
Инвестицияларды реттейтін Келісімнің ережелері инвестицияларды қорғау және көтермелеу туралы қолданыстағы екіжақты келісімдерді толықтыруға және дамытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер арасында инвестицияларды өзара тарту үшін қолайлы жағдайларды дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар, Өзбекстан Келісім шеңберінде заңгерлік, салықтық, бухгалтерлік, сәулет, инженерлік, Айти-қызметтерін, туризмді және басқа да бірқатар секторларды қоса алғанда, қызметтердің 54 кіші секторын ырықтандырады, бұл қазақстандық компаниялардың өзбек нарығына шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Бұл ретте Қазақстан дәстүрлі түрде Өзбекстанға қызметтердің нетто-экспорттаушысы болып табылады, мұның өзі қазақстандық қызметтердің жоғары сұранысқа ие екендігін куәландырады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қызметтер саудасының көлемі
916,8 млн. АҚШ долларын, оның ішінде қазақстандық қызметтердің экспорты 574,6 млн. АҚШ долл.,
ал импорт - 342,2 млн. АҚШ долл құрады. Қазақстан қызметтердің нетто-экспорттаушысы мәртебесін сақтайды, ал экспорт құрылымы негізінен жеке және іскерлік сапарларды, сондай-ақ компьютерлік, бухгалтерлік және сәулет-инженерлік қызметтерді қамтиды.
Қызметтердің еркін саудасы туралы Келісімнен күтілетін әсер, бұл:
Қазақстандық қызметтер үшін өткізу нарығын кеңейту. Оның ішінде, өзбек нарығына қолжетімділікті оңайлату қазақстандық компанияларға көрші елде өзінің қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді, бұл қызметтер экспортының көлемін ұлғайтады.
Сауданы ырықтандыру - импорт көлемінің өсуіне мүмкіндік береді, өзара сауданың көлемін өсіреді.
Кедергілер мен әкімшілік шектеулердің төмендеуі бизнестің көршілес нарыққа белсенді шығуына мүмкіндік береді. Бұл қызмет көрсету саласына инвестициялардың өсуіне ықпал етеді.
Келісім сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің нарықтарына отандық қызметтер экспортын арттыруға және Қазақстанға инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Құрметті әріптестер!
Осыған байланысты келісімді ратификациялаудың маңыздылығы мен мәнділігін ескере отырып, осы Заңды қолдауды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!