Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Батыс Қазақстан облысына іс-сапар: халықпен кездесу, экономикалық-әлеуметтік жағдайды қарау, нысандарды аралау.

14.08.2023 321

2023 жылдың жаз айларында

 

Сенатор А.К. Өтеғұлов Батыс Қазақстан облысының Байтерек ауданында өткен «AGROFEST BATYS» іс-шарасына қатысты. Аталған шараның басты мақсаты – агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттыру. Фестивальге облыс әкімдігі, бизнес өкілдері, соның ішінде шаруа қожалықтары қатысып, саладағы техника және технология нәтижелерімен бөлісті.

          Агровестивальде өңірлерден және көршілес мемлекеттерден 500-ге жуық адам жиналды. Биыл БҚО-да агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаражат бөліген, бұл өткен жылғыдан 1,4 есе артық. БҚО-да жарты жылда 95 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілгендігі туралы ақпарат айтылды. 8,5 млрд инвестиция тартылған.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Еуразиялық Экономикалық Одақтағы сауда-саттық – 69,3 млн доллар экспорт (былтырғымен салыстырғанда екі есеге артқан), 214,6 млн доллар импорт құраған. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекет ішіндегі сұранысты қанағаттандыра отыра, әлемдік деңгейде еліміздің экспорт потенциалы өте жоғары. Жоғарыда аталған шаралар осы бағыттағы жұмысқа өз септігін тигізеді деген сенім бар.

Сонымен қатар, сенатор Үкімет орындауындағы ұлттық құжаттардың Парламенттің бақылауында және осы саланы ары қарай дамытудағы заңнамалық сүйемелдеу қажет болған жағдайда, қарастыруға дайын екендігін хабарлады.

 

Сенатор А.К.Өтеғұлов және Л.Т.Рысбекова Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округі Тоғанас ауылындағы «KazMeatIndustry» ЖШС егістік алқабын аралап көрді. Егістік алқабында арпа, мақсары, құмай, күнбағыс дақылдары өсіріледі. Сенаторлар жергілікті жердегі жұмысшылармен сөйлесіп, техникалық жабдықталумен танысты.

Одан кейін сенаторлар Алғабас, Қарағанды ауылдарында 761,341 млн теңгені құрайтын ауыз сумен қамту бойынша жоба құрылысының нәтижелерін қарап шықты. Қазіргі таңда Алғабас ауылының ішіне 19,5 шақырым құбыр тартылып, 92 құдық қойылды. 4,9 шақырым құбыр тіршілік нәрін әрі қарай Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты көршілес ауыл - Қарағандыға жеткізуде. Алғабас ауылдық округінің әкімінің мәліметінше, жоба аясында 300 үй таза ауыз судың игілігін көреді.

Арман Өтеғұлов өңірдегі құрылыс жұмыстары кезінде екі басымдықты ескеру керек деді. Біріншісі – жергілікті өнімдерді пайдалану, екіншісі –  жергілікті халықты жұмысқа тарту.

Сонымен қатар сенаторлар Алғабас ауылындағы 300-ге жуық көрермен сиятын мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысты.

Сенатор А.К. Өтеғұлов және Л.Т. Рысбекова өңірлерге сапар аясында БҚО Қаратөбе ауданында болып бірқатар құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты.

Алдымен Жусандой ауылдық округіне қарасты Ханкөл ауылында салынып жатырған 60 орындық мектептің құрылысымен танысты. Кейін, Қоскөл ауылына 9 шақырым кірме жолға жасалып жатырған жөндеу жұмыстарымен және Шалғын ауылындағы құрылысы жүргізіліп жатырған 60 орындық мектептің және ауылішілік су құбырының құрылыстарымен танысты.

Іс сапар барысында құрылыс, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатырған мердігерлерге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау қажет екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, Сенаторлар ауыл ардагерлері және тұрғындармен кездесіп, проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Сенаторлар Шыңғырлау және Теректі аудандарында болды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова  жергілікті әкімдіктермен бірге бірқатар нысандарды аралады.

Сенат депутаттары бірінші Ащысай ауылдық округіне қарасты Амангелді ауылындағы "Амангелді Агро" ЖШС-нің, содан соң "Жарас" шаруа қожалығының егіс алқаптарын қарап, шаруа құрылым басшыларымен қазіргі науқанның барысы туралы сөз алмасты. Кейін аудан орталығындағы құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатырған 3 қабатты 45 пәтерлі тұрғын үйдің жай күйімен танысты.

Кейін Теректі ауданы Подстепный ауылдық округіне қарасты Юбилейный ауылындағы «Ringo Milk» ЖШС және «КТК 888» ЖШС сүт-тауарлық фермаларында болды. Аталған ұйымда тұқымды малды іріктеу  және сатып алу сынды шаруалар жүргізілген. Егістік жайына тоқталсақ, аталған шаруашылықтың бірінде,  192 гектарға қара бидай,  360 гектарға арпа,  45 гектарға сұлы, 335 гектарға  мақсары, 235 гектарға судан шөбі,  392 гектарға жүгері егілгенін айта кеткен жөн.

Депутаттар одан кейін Ақжайық ауылдық округіндегі «West Agro Food»  ЖШС-на болды. Бұл жерде картоп өсіру және жартылай фабрикаттар өндіру жоба жоспарларымен танысты.

Сенаторлар аталған жерлердегі халықпен және еңбек ұжымдарымен кездесіп, Парламент қабылдаған заңдар туралы хабардар етті.

 

(Материал жергілікті пресс-қызметпен бірлесе дайындалды)

 

Бөлісу