Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға Комитет отырысындағы баяндама

27.09.2023 84

Қарауларыңызға «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң ұсынылып отыр.

2021 жылдың 12 қарашасында түркітілдес мемлекеттердің (Әзірбайжан, Қырғыстан, Түркия, Өзбекстан және біздің мемлекет) басшылары аталған қорды құру бойынша келіскен болатын.

Қор шағын және орта кәсіпорындардың жобаларын қаржыландыруға, жаңа технологиялардың пайда болуын ынталандыруға, транспорттық-логистикалық байланысты дамытуды қолдауға, өнеркәсіп, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, туризм саласындағы өзара орта мүддені көздейтін жобаларды қолдауға бағытталған.

Қордың негізгі жарғылық капиталы тең дәрежеде 5 мемлекет арасында қалыптасады. Үкімет тарапынан, соның ішінде Қаржы министрлігімен Заң келісілген.

Қорды басқару, жұмсау және бақылау тәртібі құрылтайшылармен бекітілетін болады.

Мемлекеттік мүдделерді бастамашылыққа ала отыра, жалпы бұл заңды ратификациялау түркі әлемінде көпжақты ынтымақтастықты дамытуға жол береді.

Құрметті Депутаттар, айтылғандардың негізінде «Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңды ескертпелерсіз бас комитетке жіберуді ұсынамын. (бас комитет - Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті).  
Бөлісу