Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенат депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Жәнібек ауданындағы спорт кешені жұмысымен танысып, жас спортшылармен кездесті

04.01.2024 164

Сенаторлар нысанды әкімдік, маслихат, мемлекеттік органдар өкілдерімен аралады. Тренерлік құрам және тәлімгерлермен сұхбаттасты. Аудан спортшылары былтырғы жетістіктерімен бөлісті. Облыстық, республикалық, тіпті әлемдік деңгейге шыққан жастар – жарқын жетістіктің дәлелі.

Спорт клубы 2021 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілген. Жарыс өткізу залы 160 көрерменге арналған. Бүгінгі таңда спорт клбуындағы он бір үйірмеде (бокс, күрес, т.б.) жүз жиырма сегіз бала жаттығады екен. Таңертеңнен кешке дейін оқушыларды қабылдайтын спорт кешенінің есігі кешкі уақытта ересектерге ашылады.

«Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өз жолдауында балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажеттілігін атап өткен болатын. Осы сынды кешендер әсіресе ауылдық жерлердегі жастар арасында саламатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. Спорт саласын өркендетуге барлық әлеуетті пайдалану маңызды. Объектілердің тұрақты жұмысын және қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру мәселесі депутаттардың бақылауында болады» - деп атап өтті сенатор А.К. Өтеғұлов.

Оқушылардың көзіндегі отты байқаған депутаттар жас спортшыларды үнемі қолдау керектігін айтты. Осы орайда «Әлем» шаруа қожалығының  жетекшісі Ескендір Елемесов те ортадан табылып, қазіргі таңдағы жұмыс барысын тарқатып, ұсыныстарымен бөлісті.

 Сенаторлар кездесуді қорытындылай келіп, ауданда көтерілген бастама мен айтылған ұсыныстар заң шығару жұмысы барысында ескерілетінін атап өтті.

Бөлісу