Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы

16.04.2024 77

Арман Кәрімұлы «Органикалық өнім өндірісі және айналымы туралы» Заңы және оған ілеспе заңдарын қарау бойынша Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің отырыстарына қатысты.

Органикалық өнімдерді өндірудегі ғылыми жұмыстарға қатысты, соның ішінде отандық тұқым шаруашылығының жағдайы туралы сұрақтар көтерілді. Экономикалық саясат комитетінде болса, органикалық өнім өндірушілер біріккен жағдайда, олардың салықтық мәртебесіне қатысты мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштар қолдану статистикасы және осы саланы одан әрі қолдау мақсатындағы шаралар туралы айтылды. Қазіргі таңда органикалық тыңайтқыштардың жалпы үлесі 1 пайыздың аумағында ғана болып отыр.

Отырыс соңында Арман Кәрімұлы әріптестеріне Заңды қолдағандары үшін алғысын білдіріп, Заңның негізгі мақсаты халқымыздың сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталғанын тағы да атап өтті. Заңның іске асуы біршама уақытты талап етсе де, нарықтағы органикалық өнімдер үлесін көбейту арқылы азаматтардың денсаулығы, әл-ауқаты көтеріледі деген сенімде.

Бөлісу