Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

БҚО су тасқыны

07.04.2024 168

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуірде су тасқынынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына барып, эвакуацияланған тұрғындармен кездесті.

Президент тұрғындармен әңгімелесу барысында елдің хал-жағдайын білу үшін арнайы келгенін және су тасқынының бұрың-соңды болмаған үлкен табиғи апат екенін атап өтті. Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Үкімет тарапынан материалдық және қаржылай көмек көрсететінің мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізіп, Үкіметке, уәкілетті органдарға, облыстардың әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берілді.    

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысында тасқын су салдарынан 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды. Ресей Федерациясынан бастау алатын Жайық өзенінің су деңгейі қарқынды көтеріліп, Орал гидробекетіндегі аумақтарда 7,2 метрден асты.  Жайық өзені жағалауындағы Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек және Теректі аудандарының 94 елді мекені,
сондай-ақ Орал қаласы аудандары су басу қаупінде тұр.

Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдар су басқан аумақтардан 7000-нан астам адамды қауіпсіз орындарға орналастырды. Эвакуциялық пункттерге 1 455 адам орналасқан және оның ішінде 604-і балалар.

Мемлекет басшысы осындай қиын-қыстау жағдайда халықты қолдау мақсатында мемлекеттік материалдық резерв ресурстарын қолдануды да тапсырды.

Осы ретте қоғам өкілдерінің де бейжай қарамай, апатқа қарсы бірлесе әрекеті барлығымызды тәнті етті. Басқа қалалардағы жерлестеріміз «БҚО көмек көрсету» қоғамдық қорын құрын құрып, шетте қалмай, барынша қол ұшын созуда және сол үшін алғысымды білдіремін.

Өз кезегінде Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттары өңірлерге барып, жергілікті жерлерде атқарушы органдарға қолғабыс беріп, зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетуде.

Алдағы уақытта біз осы бағыттағы кешенді жұмысты күшейтіп, мәслихат депутаттарымен бірге аймақтардағы проблемаларды шешудің тиімді жолдарын іздейтін боламыз.

Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды. Судан зардап шеккен бірде-бір адам ескерусіз қалмайды. Мемлекет тарапынан қаржылық көмек көрсетіліп, материалдық шығындар толығымен өтеледі.

Құрметті Қазақстандықтар, біздің күшіміз – бірлікте! Еңбегіміз бен күш-жігеріміздің арқасында барлық қиындықтарға төтеп беріп, еліміздің тұтастығы мен бірлігін сақтап қалуға міндеттіміз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай, ағайын!

 

Әлеуметтік желідегі жариялынымдар

https://www.facebook.com/share/p/VsCPpL7VZAAHQ747/?mibextid=qi2Omg

https://www.instagram.com/p/C5TMZFTMGZJ/?igsh=MWhpejMyZXF5cXF1bg==

https://www.instagram.com/reel/C5TdH-rIJIW/?igsh=MTZqZTJ1azh2NWM=

https://www.instagram.com/reel/C5TfPNOrb95/?igsh=cmEyY3JzYWZvaW80

Бөлісу