Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

5-9 тамыздағы өңірге сапары

02.09.2024 270

Ағымдағы жылдың 5 тамызы күні  Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі А.К. Өтеғұлов, экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Л.Т. Рысбекова және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі

А.Т. Құспан Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті.

Кездесу барысында депутаттар шаруалардың көкейінде жүрген барлық мәселелері мен ұсыныстарын талқылап, сұрақтарына жауап берді.

Соның ішінде алдағы мал қыстау науқанына мал азығын дайындау, арзандатылған азықтық жем бөлу, мал азығын темір жолмен тасымалдау шығынын өтеу, мал азығын дайындауға қатысты төтенше жағдай жариялау және ет экспорты квотасын көбейту, сонымен қатар киік санын реттеу және киік мүйізін даладан тауып алған азаматтардың жауапқа тартылуна байланысты заңға өзгерістер еңгізу туралы мәселелер қозғалды.

Сенаторлар Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті.

А.ж. 5 тамызда ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Батыс Қазақстан облысының шаруа қожалықтары басшыларының қатысуымен кеңес өткізді, онда бар проблемалар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

 Бүгінгі таңда облыстағы ең өзекті мәселелердің бірі ақбөкендер санының едәуір өсуі, бұл шаруа қожалықтарының жайылымдары мен егіс алқаптарының тапталуына алып келеді, оларға үлкен зиян келтіріп, өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына кедергі келтіреді.

 Облыс аумағында ақбөкендердің саны артқан сайын, бұл проблема өсуге бейім.

 "Әрине, ақбөкендер Батыс Қазақстан облысының экожүйесінің маңызды элементі болып табылады және оларды сақтау өңірдің биоалуантүрлілік үшін өте маңызды. Алайда, осы түрдің популяциясының шамадан тыс өсуі аймақтың шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл жануарлардың санын реттеуге ерекше мұқият және жауапкершілікпен қарау керек", - деп атап өтті сенатор Арман Өтеғұлов.Сенаторлар Батыс Қазақстан облысының су тасқынынан зардап шеккен аудандарында тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

 Сенат депутаттары Ләззат Рысбекова мен Арман Өтеғұлов су тасқынына ұшырағандар Қаратөбе, Сырым, Теректі, Бөрлі аудандары мен Орал қаласына барды. Сенаторлар жаңа тұрғын үй құрылысының барысын, зақымдалған үйлерді қалпына келтіруді, осы жұмыстардың сапасы мен аяқталу мерзімін бағалады.

 Өңірде су тасқыны салдарынан қалпына келтіру жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.

 Ресми мәліметтерге сәйкес, қазіргі уақытта зардап шеккен 5927 үйге техникалық тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 1383 тұрғын және саяжай құрылыстары жарамды деп танылды, ал 3023 үй жарамсыз деп танылды. Бүгінгі таңда 1209 үйді жөндеуге қаражат төленді, 1065 үй немесе пәтер сатып алынды, 74 үйдің құрылысы аяқталды, сондай-ақ 775 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

 «Су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйді толық және жедел қалпына келтіру мәселесі түбегейлі маңызды, ол ел басшылығының қатаң бақылауында және жұртшылықтың назарында. Өңіріміздің тұрғындары құрылыс жұмыстарының тезірек аяқталуын және тұрғын үй алуды асыға күтеді. Өз кезегінде, біз, депутаттар ретінде, бұл мәселеде қажетті қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті сенатор Ләззат Рысбекова.

Бөлісу