Сенатор Арман Өтеғұлов өңірдегі бірқатар нысандарды аралады
ҚР Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов өңірге іс сапары аясында бірқатар нысанды аралады. Ол Орал жылу-электр орталығындағы жаңғырту жұмыстарымен танысып, нысанды жекеменшікке беру мәселесін қала әкімі Мұрат Байменовпен талқылады. Сонымен қатар сенатор «Packaging Systems» компаниясының биг-бэг өндіретін зауытының жұмысымен және жуырда ашылған ботаникалық бақтың қызметімен танысты.