Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Закиржан Кузиев Сенат отырысында Заң жобасы бойынша сұрақ қойды

09.03.2023 299

Сенатор Закиржан Кузиев Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Ішкі істер министрі М.М. Ахметжановқа сұрақ қойды.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабына түзету енгізу көзделеді, бұл жерде егер әйел босатылғанға дейін немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру құқығы басталғанға дейін 1 жылдан аз уақыт қалса, сотталған әйелге жазасын өтеп жатқан түзеу мекемесіндегі балалар үйінде баланы 4 жасқа толғанға дейін қалдыру құқығы беріледі.

Менің ойымша, бұл норма сотталған әйелге де, оның баласына да оң әсер етеді, өйткені ол әлеуметтік байланыстарды сақтауға және баланың анасымен болу уақытын ұзартуға бағытталған.

Осы жаңашылдықтарға сәйкес менің сұрағым.

Осы норманы қабылдаған кезде аталған мүмкіндікті қанша әйел пайдалана алады?

Сонымен қатар, егер бала үш жасқа толса, ал сотталған анасы мерзімінің соңына дейін, мысалы, екі-үш жыл қалса, бірақ сонымен бірге сот оған шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан айырса, осы жағдайда 4 жасқа дейінгі бала анасымен бірге бола алады ма?»

Бөлісу