Сенатор Закиржан Кузиев ирригация жүйесінің мәселелері бойынша отырысқа қатысты
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында жобалық басқару қағидаттарын іске асыру негізінде Алматы және Жетісу облыстарында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне қатысты жүйелі жоспарларды талқылау бойынша алғашқы жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыс барысында Сенат депутаттары жобалық басқару арқылы су резервтерін басқаруды жақсарту жөнінде ұсыныстарын жасап, пікірлерін білдірді.
Аталған отырысқа Сенат депутатары, Сенат Аппаратының қызметкерлері, Экология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері, сондай-ақ, Алматы, Жетісу облыстарының ауылшаруашылығы басқармасының және «Қазсушар» ШЖҚ РМК-ның басшылары қатысты.