Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенатор Закиржан Кузиев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесеріне қатысты

10.01.2024 334

Сенатта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды.

Депутаттарға заңда мемлекеттік бақылау мен қадағалау түрлерін кәсіпкерлік қызметтің жаңа тәсілдеріне сәйкес келтіруге бағытталған өзгерістер көзделгені айтылды.

Заң жобасы табиғи монополия саласындағы уәкілетті органның функциясын күшейтуге, балық шаруашылығы мен балық өсіруді реттеуге, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізуге рұқсат беруге, сондай-ақ төлем балансын қорғау жөніндегі шараларды нақтылау аясында валюталық реттеуге бағытталған түзетулер тізбесін қамтиды.

Ұлттық экономика министрлігі өкілінің айтуынша, бұл түзетулер мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын жақсартуға мүмкіндік береді, балық шаруашылығы саласына инвестиция тартымдылығын ұлғайтуға және валюталық реттеу саласындағы қызметтің ашықтығын арттыруға ықпал етеді.

Бөлісу