Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Сенаторлар аграрлық саланың кірісін арттыруға мүмкіндік беретін заңды мақұлдады

28.11.2024 273

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді беру туралы заң қаралды. Сондай-ақ сенаторлар өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.

Отырыс барысында Палата депутаттары «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Құжат нормалары қойма куәліктерінің тұрақты айналымын және қойма куәліктерін ұстаушылар үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.

Сондай-ақ аталған заңды ратификациялау аграрлық саланың кірістілігін арттыруға мүмкіндік береді және ауыл шаруашылығы тауарларының электронды саудасын дамытуға ықпал етеді деп болжанып отыр. Бұл ЕАЭО елдерінің шаруашылық субъектілерінің аумақтық қашықтығы жағдайында маңызды мәселе екені анық.

«Келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауыл шаруашылығы өнімінің саудасын және осы саладағы электрондық сауданы дамытуды көздейді. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін пайдалану мен олардың айналымын реттеу үшін құқықтық негіз қалыптасады. Алдағы уақытта мақұлданған заң Экономикалық одаққа мүше елдер арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді заң жөнінде пікір білдірген Мәулен Әшімбаев.

Бөлісу