Сенаторлар «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялау туралы» ҚР Заңын мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар медиа саласына және жаңартылатын энергияға қатысты заңдарды, сондай-ақ, балық аулау субсидиялары жөніндегі келісімді қарады.
Депутаттар «Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы (Балық аулау субсидиялары жөніндегі келісім) ратификациялау туралы» заңды да қарап, мақұлдады. Құжат заңсыз, хабарланбайтын және реттелмейтін балық аулауға ықпал ететін субсидия беруді шектеу арқылы балық ресурстарының сақталуын қамтамасыз етуге арналған. Отырыста атап өтілгендей, ДСҰ-ның барлық мүшесі үшін міндетті Хаттаманың қабылдануы көпжақты сауда байланысы бар ел ретінде Қазақстанның имиджіне оң әсерін тигізеді.