Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Қадырбек
Мұрат
Болатұлы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Түркістан облысынан сайланған депутаты.

Қадырбек Мұрат Болатұлы 1980 жылы 3 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Шардара қаласында дүниеге келген.

1998 жылы Шардара орта мектебін үздік тәмамдап, 2002 жылы - Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. 2005-2007 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқып, құқықтану магистрі дәрежесін алған.

Алғаш еңбек жолын 19.08.2002-02.04.2003 жылдары Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуратурасының сот қаулылары мен атқару өндірістерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінде прокурордың міндетін атқарушы болып бастаған.

02.04.2003-07.04.2004 жылдары Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуратурасының сот қаулылары мен атқару өндірістерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлімінде прокуроры.

01.09.2005-20.07.2007 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясында оқыған.

20.07.2007-05.11.2007 жылдары Қарағанды қаласында Қарағанды облыстық прокуратурасы органдарында қызметкері.

30.12.2007-10.09.2008 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында № 2 соттың судьясы.

10.09.2008-26.06.2009 жылдары Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бюджеттік жоспарлау, қаржы-экономикалық қамтамасыз ету және мемлекет активтерін басқару департаментінде директорының орынбасары.

26.06.2009-19.01.2010 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экономика және қаржы департаментінде директорының орынбасары.

19.01.2010-05.04.2010 жылдары Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қоршаған ортаны қорғауды реттеудің экономикалық құралдары департаменті директорының орынбасары.

05.04.2010-15.08.2011 жылдары Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары.

15.08.2011-02.04.2012 жылдары Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мемлекеттік қызметті кадрлық қамтамасыз ету департаментінде директорының орынбасары.

02.04.2012-02.05.2013 жылдары Алматы облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің басқарма басшысының орынбасары.

02.05.2013-23.07.2013 жылдары Алматы облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің департаменті басшысының орынбасары.

23.07.2013-26.11.2014 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің департаментінде басшы - Тәртіптік кеңес төрағасы.

26.11.2014-14.01.2016 жылдары Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлық істері департаменті басшысының орынбасары.

14.01.2016-05.09.2016 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Маңғыстау облыстық басқармасы департаментінің басшысы - Әдеп кеңесінің төрағасы.

06.09.2016-12.07.2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының әкімі.

12.07.2018-02.04.2021 жылдары Түркістан облысы Арыс қаласының әкімі.

02.04.2021 жылдан 14.01.2023 жылға дейін Түркістан облысы Жетісай ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Орталық сайлау комиссиясының 25.01.2023 №25/693 қаулысымен Түркістан облысынан ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Қадырбек Мұрат Болатұлы мемлекеттік қызмет саласында сіңірген  еңбектері үшін 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», 2019 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2020 жылы «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл», 2021 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мемлекеттік және мерекелік медальдермен марапатталған.

1 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отыр.