Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Комитет отырысында қаралды

28.05.2024 149

Аталған келісімді жасасуға Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының V Жоғары Мемлекетаралық кеңесінің
№ 3 шешімін іске асыру болып табылады.

Келісімді қабылдау, кооперациялық жобаларды іске асыру үшін жағдай жасауға, бұл жеткізу тізбегіндегі алып сатушылардың санын қысқартуға, түпкілікті тұтынушы үшін өнімнің құнын төмендетуге және жеткізу жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кешен толығымен бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асырылатын болады.

Инвестор Кешеннің инфрақұрылымына инвестиция салуды жүзеге асырады, сондай-ақ Кешенді салу үшін қосымша инвестициялар тартуды жоспарлайды. Инвестициялаудың шарттары мен нақты сомасы инвестициялық келісімімен белгіленеді.

Инвестор Кешенді дамыту, ілгерілету және толтыру бойынша іс-шараларды өткізеді, Кешен қызметіне операция жүргізеді және қатысушылары мен резиденттері үшін сервистік қызметтер көрсететін болады.

Тараптармен жобаны іске асыру мақсатында жалпы ауданы 76 га (Қазақстан-36 га, Қырғызстан-40 га) жер учаскесі бөлінді.

Бөлінген аумаққа өңірлік индустриялық аймақ мәртебесі берілді.

Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі департаментімен «Қарасу» өткізу пунктінің шекара маңы аймағында жалпы ауданы 36 га жер өлшемімен Кешеннің қазақстандық құрылыс бөлігін салу мақұлданған.

Кешенді құру және іске қосу рентабельді экспортқа бағдарланған жобаларды іске асыруға, экономиканың жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шикізаттың едәуір көлемі мен дамыған инфрақұрылымы бар Жамбыл облысында өндірістік желілерді орналастыруға мүмкіндік береді.

Келісімде бастапқыда қолданыстағы заңнаманың барлық талаптары ескерілген, осыған байланысты оны бекіту Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер енгізуге әкеп соқпайды.

Осыған байланысты, құрметті әріптестер, жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, Заңды қолдауды және ескертулер мен ұсыныстарсыз Бас комитетке жіберуді ұсынамын.

Бөлісу