Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарын Комитет отырысында қарастырды

11.11.2024 152

2025 жылға түсімдер  21,7 трлн. теңге  (2026 ж. -19,4 трлн.теңге, 2027 ж.- 20,9 трлн.теңге) деңгейінде болжануда, ал келесі жылға шығыстары – 25,8 трлн.теңгені құрайды. Республикалық бюджеттің тапшылығы 2025 жылға – 4,1 трлн.теңгені құрап отыр.

Қарастырылып отырған заңмен қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметіне 2025 жылға 2,5 трлн.теңге шығыстар жоспарланған.

Бюджет жобасының басты артықшылығы әлеуметтік бағыттылықты күшейту болып табылады. 2025 жылға әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 6,2 трлн.теңге көлемінде шығыстар жоспарланып отыр. Келесі жылы бюджет шығыстарындағы үлесі 38 % -ды құрайтын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке жыл сайын  2 триллион тенге сомасында кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекіту көзделеді.

Жалпы, 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет шығыстарының басымдықтары Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарына сәйкес келеді  және Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайтын Жолдаулары мен тапсырмаларына сәйкес қалыптастырылды. 

Жұмыс топтарында Комитет мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бюджет параметрлері мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мұқият қаралды.  

Талқылау барысында Бас прокуратурадан қаражат бөлу туралы ұсыныстар түсті.

Сонымен қатар, жан-жақты талдау барысында осы жылы да өңірлерді дамытудың басымдығы қағидатына негізделген бірқатар ұсыныстар келіп түсті. Сенаторлардың өңірлік дамудың қандай да бір бағытын қаржыландыру жөніндегі ұсыныстары депутаттармен кездесулер барысында көтеретін проблемалық мәселелерге негізделгендігін атап өткім келеді.

Барлық ұсыныстар 2 түзетуден тұратын салыстырмалы кестеге жинақталды, ол барлықтарыңызда бар.

    Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, құрметті әріптестер, қарастырылып отырған заңдарды қолдап, бас комитетке салыстырмалы кестені жолдауды сұраймын.

Бөлісу